Қауіпсіздік — басты назарда

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Қауіпсіздік — басты назарда

    Қауіпсіздік — басты назарда: Округте қысқы маусымға дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр
    Бүгін округ аумағында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қысқы жылыту маусымында оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
    Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары әр үйді аралап, пешті алғаш жағу және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Мамандар тұрғындарға мұржаларды күйеден тазарту, мұржа бойындағы жарықтарды сылап-әктеу және пеш аузына арнайы металл табақшаларды қағудың маңыздылығын тағы бір мәрте ескертті.
    «Үнсіз жаудан» қорғайтын құрылғылар орнатылды
    Бұл игі шара тек насихатпен шектелген жоқ. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін тұрғындарға ерекше көңіл бөлінді. Акция аясында округтегі көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың шаңырақтарына улы газды анықтайтын арнайы сигналдық датчиктер (хабарлағыштар) тегін орнатылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары