
Қарттар күніне арналған іс-шара өтті
Мұқаншы ауылдық округінде 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында ауылдың ардақты қарияларына құрмет көрсетіліп, алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар, мешітте қарияларға арналып дастархан жайылып, ас берілді.
Қарияларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тілейміз.









