
Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекше тетігі бойынша пилоттық жоба өңірде 2025ж шілде айынан бастап іске қосылып, қазіргі таңда бұл қызмет түрі толық мәнде көрсетіледі. МҚ бұл түрі бойынша қызмет алу кезінде шешім 1 сарапшы маманмен шығарылып, МҚ қысқа мерзімде көрсетіледі.
МҚ көрсетудің бұл түрі келесідей алгоритм бойынша жүргізіледі:
-Пациенттің тіркелген жері бойынша медициналық ұйымның емдеуші дәрігері немесе диспансердің емдеуші дәрігері жарақаттардың және кемістіктердің салдарынан, аурулар әсерінен тыныс-тіршілігінің шектелуіне әкелетін организм функцияларының тұрақты бұзылулары болған кезде мемлекеттік ақпарат жүйелерден деректерді тексеріп, № 031/е нысанын қалыптастырады.
-Осы МҚ көрсететілетін жекелеген нозологиялық нысандар тізбесіне кіретін жағдайлар бойынша № 031/е нысанын қалыптастырған кезде, сәйкесінше міндетті зерттеп-қарау және объективті деректері міндетті түрде көрсетіледі.
-Жекелеген нозологиялық нысандарына сәйкес, № 031/е нысанында міндетті зерттеп-қарау және/немесе объективті деректер болмаған кезде МАЖ-да қате деп көрсетіліп, ДКК төрағасының ЭЦҚ-мен бекітілуі мүмкіндігі алынып тасталады.
-031/е нысаны медициналық ұйымның ДКК төрағасының ЭЦҚ-сымен бекітілгеннен кейін автоматтандырылған режимде МАЖ-дан ҚР ДСМ АЖ-ға, одан әрі «электрондық үкімет» шлюзі арқылы МОДБ ААЖ-ға жіберіледі.
-«МОДБ» ААЖ-да МӘС актісінің жобасы қалыптастырылуы МӘС қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
- МӘС актісінің жобасы сырттай проактивті куәландыруға қатысатын сарапшылар тізіміндегі бір эксаумақтық сарапшы- МӘС бөлімінің басшысына (бұдан әрі – МӘС сарапшысы) күту парағынан автоматтандырылған режимде таратылады.
- МӘС қағидаларына сәйкес МӘС жүргізіледі.
-МӘС сарапшысы келіп түскен құжаттарды МӘС актісінің жобасының нөмірі түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қарайды және сараптама қорытындысын шығарады.
-МӘС актісі жобасы сағат 16.00-ден кейін келіп түскен жағдайда, сараптамалық қорытынды шығару мерзімі келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
-Сараптамалық қорытынды МӘС сарапшының ЭЦҚ-сымен қол қойылғаннан кейін, «МОДБ» ААЖ-дағы «Тіркелген МӘС актілерінің тізілімі» модуліне түседі.
2026ж 9 айлық қорытындысымен өңірде пилоттық жоба аясында мемлекеттік қызметтің «ерекше тетігі» бойынша куәландыру мақсатымен жүйеге барлығы 236 форма түскен, оның ішінде 35 жағдайы кері қайтарылған, өткен 201 форманың - 114 жағдайда мемлекеттік қызметтің «ерекше тетігі» бойынша 1 сарапшыға түсіп, шешім шығарылған, 87 жағдайда актілер -3 сарапшыға жіберіліп, шешім шығарылған.









