
«Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қызмет алушылардың қатысуымен қоғамдық қабылдау өтті.
Қоғамдық қабылдауға Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама-бақылау бөлімінің басшысы З. Нагиметова, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы С. Дүйсенбай қатысты.
Қоғамдық қабылдау барысында қызмет алушыларға медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу тәртібі, зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау мәселелері бойынша жан-жақты түсіндірмелер берілді.
Қоғамдық қабылдаудың басты мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету және әлеуметтік мәселелерді шешуде тұрғындарға қажетті қолдау көрсету.









