ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Ыстанбұлда өткен Түркі мемлекеттері ұйымы Әділет министрлерінің үшінші отырысына қатысты

    ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Ыстанбұлда өткен Түркі мемлекеттері ұйымы Әділет министрлерінің үшінші отырысына қатысты

    Іс-шараға Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстанның әділет ведомстволарының басшылары, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы қатысты.
    Отырыс барысында тараптар 2024 жылғы 9 қыркүйектегі Астана декларациясының ережелерін іске асыру мәселелерін талқылап, әділет органдарының қызметін цифрландыруға ерекше назар аударды.
    Вице-министр өз сөзінде Қазақстанда әділетті әрі орнықты мемлекет құруға бағытталған ауқымды саяси-құқықтық реформалардың жүзеге асырылып жатқанын атап өтіп, Министрліктің қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпарат берді.
    Үшінші отырыстың қорытындысы бойынша тараптар Бірлескен коммюникеге қол қойып, кезекті отырысты 2027 жылы Қырғызстанда өткізу туралы уағдаласты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі" жаңалықтары