
Абай облысында елді мекендердің санитарлық тазалығы мен абаттандырылуына қатысты талаптардың сақталуы бойынша бақылау күшейтілді.
Бір апта ішінде тазалық және абаттандыру талаптарын бұзудың 122 фактісінің жолы кесілді.
Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде:
101 факт – елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзу;
21 факт – ортақ пайдаланылатын орындарды ластау.
Тазалық талаптарын сақтау – қоршаған ортаның жай-күйіне ғана емес, елді мекендердің көркі мен тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға тікелей әсер ететін маңызды талап.
ұқық бұзушылықтарды анықтауда бейнебақылау камералары маңызды рөл атқарады. Олардың көмегімен ортақ пайдаланылатын орындарды ластауға байланысты құқық бұзушылықтардың алды алынады.
Абай облысының Полиция департаменті азаматтарды тазалық пен тәртіпті сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, қоғамдық орындарды ластауға және рұқсат етілмеген қоқыс орындарының пайда болуына жол бермеуге шақырады.
Осы бағыттағы жұмыстар Абай облысының елді мекендерінде жүйелі түрде жалғасып, абаттандыру қағидаларын бұзуға және қоғамдық орындарды ластауға жол бермеу бойынша тиісті шаралар қабылдануда.








