Абай облысында бір аптада 30-ға жуық заңсыз граффити жазу өшірілді

    Абай облысында бір аптада 30-ға жуық заңсыз граффити жазу өшірілді

    Абай облысында қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, абаттандыру талаптарының орындалуын қамтамасыз ету және жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

    Өткен аптада өңір аумағында жүргізілген рейдтік және профилактикалық іс-шаралар барысында 30-ға жуық заңсыз граффити жазу анықталып, өшірілді. Оның ішінде 10-ы есірткі заттарының заңсыз айналымын насихаттайтын және күмәнді интернет-ресурстарға сілтеме жасайтын жазулар болған.

    Қабырғалар мен басқа да қоғамдық нысандарға салынған мұндай жазулар — қала келбетіне нұқсан келтіретін әрекет қана емес, сонымен қатар заңсыз ақпараттың таралуына ықпал ететін қауіпті құбылыс.

    Осыған байланысты жауапты қызметтер тарапынан анықталған жазулар жедел түрде жойылып, олардың қайта пайда болуына жол бермеу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

    Есірткі жарнамасына көз жұмуға болмайды. Күдікті жазу немесе есірткі заттарын насихаттайтын ақпаратты байқаған жағдайда, азаматтарды бұл туралы құзырлы органдарға хабарлауға шақырамыз.

    Қоғамдық қауіпсіздік — тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Қаланың тазалығы мен қауіпсіз ортаны қалыптастыруға әрқайсымыз өз үлесімізді қоса аламыз.

    Бүгін өшірілген бір жазу — ертеңгі қауіптің алдын алуға жасалған нақты қадам.

    Таза қабырға — таза қала.
    Таза ақпарат — қауіпсіз ұрпақ.
    Қауіпсіз орта — ортақ мінде т.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары