
Іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдеп нормаларын сақтау мәселелері талқыланды.
Заң ғылымдарының докторы, ЕҰУ профессоры Жамаладен Ибрагимов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және заңға құрмет тақырыбында дәріс оқыды. Сондай-ақ «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Қазақтың ата заңдары» еңбегін оқуға шақырды.
Әдеп жөніндегі уәкіл Алма Сыдыкова мемлекеттік қызметшінің мінез-құлық мәдениеті, адалдық және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде баяндама жасады.
Семинар заң талаптарын сақтау, адалдық, әділдік және кәсіби әдеп қағидаттарын нығайтуға бағытталды.









