Елорда прокуратурасы заңсыз құрылысқа қарсы жаңа тәсілдерді енгізуде

    Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен үлестік құрылыс саласындағы қабылданған шаралар туралы заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

    Азаматтардың қаражатын заңсыз тарту және жаңа проблемалы нысандардың пайда болу мәселелері әлі де өзекті болып отыр.

    Құрылыс салушылар броньдау, цессия, алдын ала сатып алу-сату, инвестициялау шарттарын жасасу арқылы қолданыстағы талаптарды айналып өту тетіктерін пайдалануды жалғастыруда.

    Бақылау жүйесін жаңғырту мақсатында заманауи технологиялық шешімдерді – жасанды интеллект пен спутниктік мониторингті енгізу мәселесі талқыланды. Бұл заңсыз құрылыс нысандарын жедел анықтауға және ықтимал тәуекелдерді алдын ала болжауға мүмкіндік береді.

    Отырыс барысында мониторинг нәтижелері жосықсыз құрылыс компанияларына қатысты тексеру жүргізуге және тиісті шаралар қабылдауға, оның ішінде қылмыстық іс қозғауға дейінгі іс-қимылдарды жүзеге асыруға негіз болатын алгоритм әзірленді.

    Сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірленді, олардың қатарында рұқсат беру құжаттарынсыз құрылыс жұмыстарын бастағаны үшін жеке қылмыстық жауаптылық белгілеу мәселесі де бар.

    Астана қаласының прокуратурасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының прокуратурасы" жаңалықтары