Адвокат алаяқтық жасауға оқталғаны үшін сотталды

    Адвокат мемлекеттік органдарда таныстары бар деген сылтаумен қорғауындағы әйелдің ірі мөлшердегі ақшасын жымқыруға оқталған.

    Әйел ұсталғаннан кейін адвокат бұлтартпау шарасын жеңілдетіп, күзетпен ұстауды үйқамаққа ауыстыру мәселесін «шешіп беруді» ұсынып, 7 млн теңге талап еткен.

    Әйел заңсыз мәмілеге барудан бас тартып, құқық қорғау органдарына жүгінген.

    Жедел іс-шаралар барысында адвокат ақшаны алған бойда қылмыс үстінде ұсталған.

    Сот үкіміменоғанадвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Елорда прокуратурасы тергеу барысына заңсыз ықпал ету әрекеттері қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді және азаматтарды осындай фактілер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады.

    Астана қаласының прокуратурасы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының прокуратурасы" жаңалықтары