«Заң мен Тәртіп» қағидаты шеңберінде Астана қаласының прокуратурасы шетелдік азаматтарға және оларды қабылдаушы тұлғаларға көші-қон заңнамасының талаптарын түсіндіреді.
Қазақстан Республикасы өз аумағында заңды түрде жүрген шетелдік азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына кепілдік береді.
Сонымен бірге елде болу заңмен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қабылдаушы тарап (жұмыс беруші, тұрғын үй иесі, қонақ үй) шетелдіктің келгені туралы ішкі істер органдарына кірген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.
Бұл талап барлық кірген адамдарға қолданылады.
Болу мерзімі азаматтыққа, визаның түріне және кіру негізіне байланысты айқындалады.
Келгені туралы хабарлау бұл мерзімді ұзартпайды.
Белгіленген мерзімнен асып, заңды негізсіз елде болуға жол берілмейді.
Республикада ұзағырақ қалуды көздеген шетелдіктер одан әрі тұруға заңды негіздерді рәсімдеуі қажет.
Уақтылы жүгіну заңды мәртебені сақтауға мүмкіндік береді.
Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшіншетелдік азаматтарға да, қабылдаушы тұлғаларға да әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Астана қаласының прокуратурасы шетелдік азаматтар мен қабылдаушы тұлғаларды республика заңнамасы мен қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады.
Заң құқықтарды қорғайды және әрбір адамды тең дәрежеде міндеттейді.
Астана қаласының прокуратурасы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.




