Балалардың отпен ойнауы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Сондықтан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау өте маңызды. Балаларды сіріңкемен, оттықпен және басқа да от көздерімен ойнамауға, электр құралдарын өз бетінше қоспауға, ересектердің қарауынсыз от жақпауға, сондай-ақ өрт болған жағдайда қалай әрекет ету керектігін білуге үйрету қажет.
Ата-аналар өрт қауіпсіздігі ережелерін өздері сақтап, балаларға қауіпсіз мінез-құлық негіздерін үйрету арқылы оларға үлгі болуы тиіс.
Балаларға арналған өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері:
- сіріңкемен және оттықпен ойнауға болмайды. Сіріңке мен оттықты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажет;
- ересектердің қарауынсыз от жағуға болмайды. Отты тек арнайы белгіленген орындарда және ересектердің бақылауымен жағуға рұқсат етіледі;
- ересектердің қарауынсыз электр құралдарын қосуға болмайды. Балалар үтік, шәйнек, электр плитасы сияқты құрылғыларды өз бетінше қоспауы тиіс;
- қосылып тұрған электр құралдарын қараусыз қалдыруға болмайды. Үйден шығар алдында барлық электр құралдарын сөндіру қажет;
- киімді ашық оттың үстінде немесе электр жылыту құралдарының жанында кептіруге болмайды. Бұл өрттің шығуына себеп болуы мүмкін;
- балаларды от көздері немесе электр құралдары бар бөлмелерде қараусыз қалдыруға болмайды.
Өрт шыққан жағдайда дереу ғимараттан шығып, өрт туралы ересектерге немесе 101, 112 телефондары арқылы өрт сөндіру қызметіне хабарлау қажет.
Өрт кезінде шкафтың ішіне немесе кереуеттің астына жасырынуға болмайды. Түтін аз болатын еденге жақын жермен еңбектеп қозғалып, көмекке шақыру қажет.
Егер бөлмеде өрт шықса, терезелер мен есіктерді ашуға болмайды.
Өрт кезінде лифтіні пайдалануға тыйым салынады.
Ата-аналарға ұсынылады:
- балалармен өрт қауіпсіздігі туралы үнемі әңгімелесу;
- өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау арқылы жеке үлгі көрсету;
- сіріңке, оттық және басқа да өрт қаупін тудыратын заттарды балалардың қолы жететін жерде қалдырмау;
- балалардың отпен ойнауға деген қызығушылығы туындамауы үшін оларды пайдалы әрі қызықты істермен айналыстыру;
- балаларды өрт кезіндегі дұрыс әрекет ету тәртібіне үйрету;
- отпен ойнаудың қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін екенін түсіндіру.
Осы ережелерді сақтау балалардың отпен ойнауы салдарынан туындайтын өрттердің алдын алуға, сондай-ақ олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






