Түпқараған ауданында марапаттау құжаттарын рәсімдеу кезінде жол берілген бұзушылықтарға байланысты 10 көпбалалы ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын уақтылы ала алмаған.
Аудан прокуратурасымен әкімдіктің уәкілетті лауазымды тұлғалары қажетті құжаттарды рәсімдеу және жолдау мерзімдерін негізсіз созғаны анықталды.
Нәтижесінде көпбалалы аналар өздеріне лайықты наградаларды уақтылы алып, заңнамада көзделген әлеуметтік қолдау шараларын пайдалана алмаған.
Прокуратураның араласуынан кейін барлық 10 әйелдің құқықтары қалпына келтіріліп, мемлекеттік наградалардың табысталуы қамтамасыз етілді.
Бұдан бөлек, жол берілген бұзушылықтардың себептерін жою және алдағы уақытта марапаттау құжаттарының уақтылы рәсімделуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды.
Жергілікті атқарушы органдардың кінәлі лауазымды тұлғалары жауаптылыққа тартылды.
Маңғыстау облысының прокуратурасы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.




