Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы 118 жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық және лицензиялық міндеттемелерінің орындалуын зерделеді.
Зерделеу нәтижесінде заң бұзушылықтарға жол берген жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты прокурорлық қадағалау шаралары қабылданып, мемлекет пайдасына 226,6 млн теңге өндірілді.
Сонымен қатар, сот шешімдері негізінде екі жер қойнауын пайдаланушымен жасалған келісімшарттар тоқтатылды. Кадастрлық құны 175,7 млн теңге болатын екі жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Прокуратура жер қойнауын пайдалану саласында мемлекет мүддесін қорғау бойынша жұмысты жалғастырады.
Маңғыстау облысының прокуратурасы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.




