Ақтауда борышкерлерден 135 млн теңгеден астам қаражат өндірілді

    Ақтау қаласы прокуратурасының бастамасымен ағымдағы жылы алимент алушылардың пайдасына 134,8 млн теңге өндірілді.

    Оның ішінде алимент бойынша борышкерлерден 2 пәтер, 1 жер учаскесі мен 3 автокөлігі тәркіленіп, берешек есебіне өндіріп алушыларға берілді.

    Мысалы, жеке сот орындаушының берешекті анықтау туралы қаулысына сәйкес борышкердің берешек сомасы 37,8 млн теңгені құраған.

    Тексеру барысында борышкердің атында Toyotа Land Cruiser маркалы автокөлігі бар екені анықталды.

    Жеке сот орындаушымен аталған автокөлік 25,5 млн теңгеге бағаланып, берешекті өндіру мақсатында өндіріп алушының пайдасына берілді.

    Ал басқа жағдайда, азаматтан берешек өндіру мақсатында 13,4 млн теңгеге бағаланған пәтердің үлесі өндіріп алушының пайдасына берілді.

    Одан басқа, кірістерін жасырып, ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтарған 46 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 11 борышкерге қатысты қылмыстық іс тіркелді.

    Прокуратура алимент төлеуден жалтарғаны үшін жауапкершілікті ескертеді және азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырады.

    Маңғыстау облысының прокуратурасы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының прокуратурасы" жаңалықтары