Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен кәмелетке толмаған Иран азаматы есірткі контрабандасы, сондай-ақ оларды өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау және тасымалдау қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сотпен анықталғаны, 2026 жылғы мамырда сотталған азамат «Горган – Ақтау» бағыты бойынша әуе рейсімен ұшып келіп, жалпы салмағы 1 келіден асатын апиын салынған 113 капсуланы жұтып асқазанда тасымалдаған, бұл Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен анықталып, тәркіленді.
Мемлекеттік айыптауды облыс прокуратурасы қолдады.
Үкім заңды күшіне енді.
Облыс прокуратурасы ескертеді: есірткінің заңсыз айналымы 5 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырумен байланысты қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
Маңғыстау облысының прокуратурасы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.




