Мұнайлы ауданында білім беру саласындағы зейнеткерлердің құқығы қорғалды

    Азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтық мәселелері прокуратура органдарының қадағалау қызметінің басты бағыттарының бірі болып табылады.

    Мұнайлы ауданының прокуратурасымен білім беру саласында зейнеткерлік жасқа жеткен 70-ке жуық мұғалім мен қызметкерге 8 млн теңге көлемінде тиісті өтемақы төленбеу фактісі анықталды.

    Енгізілген қадағалау актісімен мектеп директорлары тәртіптік жауаптылыққа тартылып, аталған 70 зейнеткерге тиесілі ақшалай қаржы толық көлемде аударылып, олардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

    Маңғыстау облысының прокуратурасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының прокуратурасы" жаңалықтары