
Кездесу барысында Ерлан Сәрсембаев Әділет министрлігінің қызметі, құқықтық реформалар, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру бойынша жұмыстың негізгі нәтижелерімен бөлісті.
Тараптар өзара қызығушылық тудыратын өзекті мәселелерді талқылап, құқықтық саладағы Қазақстан-Швейцария ынтымақтастығын одан әрі дамытудың бағыттары жөнінде пікір алмасты.
Кездесу соңында тараптар өткен пікір алмасу үшін алғыстарын білдіріп, екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға мүдделілігін растады.








