Алматыда ҮЕҰ өкілдерімен «Үкіметтік емес ұйымдар туралы» заң жобасы талқыланды

    Алматыда ҮЕҰ өкілдерімен «Үкіметтік емес ұйымдар туралы» заң жобасы талқыланды

    Алматы қаласының үкіметтік емес ұйым өкілдеріне «Үкіметтік емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының пысықталған жобасы таныстырылды.

    Құжат ҮЕҰ саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы отырыстарының қорытындысында түскен 300-ден астам ұсыныс негізінде әзірленді.

    Талқылау барысында қатысушылар құжаттың негізгі ережелерін қарады. Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы байланысты құқықтық тұрғыдан одан әрі жетілдіру мәселелеріне айрықша мән берілді.

    Алматы қаласының ҮЕҰ өкілдері заң жобасының пысықталған нұсқасына қатысты пікірі мен ұсынысын ортаға салып, құқықтық және өзге де мәселелерді көтерді. Сондай-ақ құжатты жетілдіруге қатысты қосымша ұсыныстарын білдірді.

    Талқылау барысында айтылған ұсыныстар заң жобасын одан әрі пысықтау кезінде ескеріледі.

    Жақын арада заң жобасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Ашық НҚА» порталында жарияланады.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары