Қазақстанда «Доспехи Бога. Ультиматум» халықаралық киножобасының түсірілімі аяқталды

    Қазақстанда «Доспехи Бога. Ультиматум» халықаралық киножобасының түсірілімі аяқталды

    Қазақстанда «Доспехи Бога. Ультиматум» халықаралық киножобасының түсірілімі аяқталды.

    6 қазанда Астанада жоба авторларының, ҚР Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақовтың және басты рөлді сомдаған Джеки Чанның қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

    Аталмыш фильм – қазақстандық Salem Entertainment компаниясының алғашқы халықаралық жобасы. Жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қытайдың мемлекеттік China Film Group Corporation кинокомпаниясының қолдауымен түсірілді. Түсірілім Алматы қаласында, Алматы және Маңғыстау облыстарында өтті.

    Басты рөлді сомдаған Джеки Чан Қазақстандағы түсірілім жұмыстары туралы айтып, осы жобаның ерекшелігіне тоқталды.

    Баспасөз конференциясында Қазақстанда халықаралық фильмдер түсіруге қажетті жағдай мен еліміздің осы бағыттағы әлеуеті сөз болды. Қатысушылар шетелдік түсірілім топтарын қызықтыратын табиғи аймақтарды атап өтіп, Қазақстанда халықаралық киножобаларды көбейтудің жолдарын талқылады.

    Фильм халықаралық прокатқа шығады. Жоба Қазақстанның туристік және мәдени әлеуетін шетелге танытып, елімізде халықаралық фильмдердің көбірек түсірілуіне ықпал етеді.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары