"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті"РММ·Жаңалықтар мұрағаты

Стационарлық ұйымдарда тұратын зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға зейнетақы және әлеуметтік төлемдерінің 30%-ы жеке қажетіне сақталады. Бұл – қолданыстағы норма.
Қалған 70% қаражат азаматтардың қажеттілігіне: тұру жағдайын жақсартуға, қажетті тауарлар мен қосымша күтімге жұмсалады.
Ұсынылып отырған өзгерістер осы 70% қаражатты пайдалану тәртібіне қатысты. Бұл ретте азаматтардың жеке қажетіне кемінде 30% төлем сақталады және ол күнкөріс деңгейінен төмен болмауға тиіс.
Қандай өзгерістер ұсынылып отыр? Толығырақ бейнематериалымызда.









