Әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша ашық есік күні өтті

    Әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша ашық есік күні өтті

    Еңбек күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында халықтың жұмыспен қамту саласында мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан қолдау шаралары туралы хабардарлығын арттыру, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қорғау мақсатында «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ базасында Еңбек инспекциясы мемлекеттік инспекторларының қатысуымен «Еңбек күніне арналған әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді.

    Іс-шараға түрлі мәселелер бойынша, оның ішінде еңбек дауларына қатысты сұрақтармен 50-ге жуық азамат қатысты.

    Қабылдау барысында әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде толық түсіндірмелер берілді. Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер бойынша тиісті талдау жүргізіліп, оның нәтижелері туралы азаматтарға қосымша хабарланатын болады.

    Құзыретті мемлекеттік органдардың қарауын талап ететін мәселелер бойынша азаматтарға тиісті өтініштерді «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы жолдау тәртібі түсіндірілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті"РММ" жаңалықтары