
Қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Қазақстанда Еңбек күні атап өтіледі. Бұл мереке жасампаз еңбектің, кәсібиліктің және әртүрлі сала қызметкерлерінің елдің дамуына қосқан үлесінің маңызын атап өтуге арналған.
2026 жылы Еңбек күні 27 қыркүйекке сәйкес келеді.
Еңбек күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар шеңберінде халықтың жұмыспен қамту саласында мемлекет тарапынан іске асырылып жатқан қолдау шаралары туралы хабардарлығын арттыру, халықты жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және әлеуметтік қорғау мақсатында «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ базасында еңбек инспекциясы мемлекеттік инспекторлары «Еңбек күніне арналған әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша ашық есік күні» іс-шарасына қатысты.
Іс-шараға түрлі мәселелер бойынша, оның ішінде еңбек дауларына қатысты мәселелермен 50-ге жуық адам қатысты.
Қабылдау барысында әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде толық түсіндірмелер берілді. Қосымша зерделеуді талап ететін мәселелер бойынша тиісті талдау жүргізіліп, оның нәтижелері туралы азаматтарға қосымша хабарланатын болады.
Құзыретті мемлекеттік органдардың қарауын талап ететін мәселелер бойынша азаматтарға тиісті өтініштерді «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы жолдау тәртібі де түсіндірілді.
Астана қаласы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінде 17 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. Департаментте еңбек заңнамасы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, сондай-ақ талдау жұмысы бөлімдері жұмыс істейді.
Мемлекеттік бақылау шеңберінде 10 688 өтініш қаралып, 305 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Анықталған бұзушылықтар бойынша 137 нұсқама беріліп, 126 заңды және жеке тұлға жалпы сомасы 23,5 млн теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462-бабы бойынша 28 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа жолданды.
Жалпы, кәсіпорындардағы жағдай 20-дан астам мемлекеттік ақпараттық ресурстардың деректерін біріктіретін және кәсіпорындарды тәуекелдің 23 көрсеткіші бойынша бағалайтын Еңбек тәуекелдері картасы арқылы жүйелі түрде бақылауда.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары жалақының уақытылы төленуіне тұрақты түрде мониторинг жүргізеді.
Қазіргі уақытта 7 кәсіпорында 88 жұмыскердің алдында жалақы бойынша 32,5 млн теңге көлемінде берешек бар.
Аталған кәсіпорындар бойынша тексеру іс-шаралары жүргізіліп, жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, нұсқамалар берілді, ал материалдар мәжбүрлеп орындату үшін жеке сот орындаушыларына жолданды.
Банкроттық немесе оңалту рәсімінде тұрған 6 кәсіпорында 169 жұмыскердің алдында 53,7 млн теңге көлемінде берешек бар. Аталған кәсіпорындар бойынша берешекті өтеу жөніндегі шаралар оңалту және банкроттық туралы заңнама шеңберінде конкурстық басқарушылар тарапынан қабылдануда.
Бұл ретте ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 355 жұмыскердің алдында жалпы сомасы 188,2 млн теңге көлеміндегі жалақы бойынша берешек өтелді.
Еңбек жанжалдары
Еңбек жанжалдарының алдын алу мақсатында Еңбек тәуекелдері картасын пайдалана отырып, кәсіпорындарға тұрақты мониторинг жүргізіледі.
Астана қаласында 326 ұйым жоғары тәуекел дәрежесіне, 423 ұйым орташа тәуекел дәрежесіне жатады. Тәуекелдің негізгі факторларына, атап айтқанда, МӘМС жарналарының, МЗЖ-ның және әлеуметтік аударымдардың уақтылы аударылмауы жатады.
Ағымдағы жылдың басынан бері 5 ұжымдық еңбек дауы татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы шешілді.
Осылайша, жұмыскерлермен және жұмыс берушілермен уақтылы өзара іс-қимыл жасау туындайтын еңбек мәселелерін татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы шешуге және олардың одан әрі шиеленісуіне жол бермеуге мүмкіндік береді.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау
Еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды бағыттардың бірі болып қала береді.
Ағымдағы жылдың басынан бері елорданың құрылыс саласында 25 жұмыскер зардап шекті, оның ішінде 8 жұмыскер өліммен аяқталған және 17 жұмыскер ауыр жазатайым оқиғалар салдарынан зардап шекті.
Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері қауіпсіздік талаптарының бұзылуы, жарамсыз жабдықтарды пайдалану, жұмыс орындарын ұйымдастырудағы кемшіліктер және біліктілігі жоқ жұмыскерлерді жұмысқа жіберу болып қалуда.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын бұзғаны үшін 41 кәсіпорын жалпы сомасы 9,5 млн теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Прокуратура органдарымен бірлесіп құрылыс объектілеріне, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып, мониторинг жүргізілуде. Анықталған бұзушылықтар бойынша 16 ұйым жалпы сомасы 1,5 млн теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот шешімдері бойынша екі объектіде: «Imran» МЖК және «Azure» МЖК-де құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылды.
Профилактикалық жұмыс шеңберінде кәсіпорындарға 32 рет бару ұйымдастырылып, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізілді. Аталған іс-шаралармен шамамен 3 000 жұмыскер қамтылды.
Жазатайым оқиғаларға жедел ден қою үшін «IKomek (109)» қызметінің WhatsApp-чаты да жұмыс істейді.
Жалпы, еңбек қатынастары саласындағы жағдай тұрақты бақылауда.
Қолда бар мәселелер жұмыс берушілермен, жұмыскерлермен және кәсіптік одақтармен жүйелі түрде әрі сындарлы диалог негізінде шешілуде.









