Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлеріне құқықтық оқыту сабағы өткізілді.

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлеріне құқықтық оқыту сабағы өткізілді.

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Маханова 30 қыркүйек 2026жылы Департамент қызметкерлері арасында Әдеп нормаларын және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеудің сақталуына қатысты профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында өткізілетін құқықтық оқыту сабағы өткізілді.

    Құқықтық оқыту барысында Әдеп жөніндегі уәкіл қызметкерлерге күнделікті қызметтік міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Атап айтқанда, қызметтік өкілеттіктерді тиісінше жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, еңбек және қызметтік тәртіпті қамтамасыз ету, әріптестермен өзара қарым-қатынас мәдениетін сақтау, мемлекеттік қызметшілердің сыртқы келбеті мен киім үлгісіне қойылатын талаптар, құмар ойындарға қатысуға жол бермеу, сондай-ақ әлеуметтік желілерді пайдалану мәдениеті мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді.

    Құқықтық оқыту барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті" жаңалықтары