Қазалы, Жалағаш және Сырдария аудандарында медицина ұйымының дәрігерлерімен ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    Қазалы, Жалағаш және Сырдария аудандарында медицина ұйымының дәрігерлерімен ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    Департаменттің №1 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімімен белгіленген кесте бойынша 2026 жылғы 16-18 қыркүйекте Қазалы, Жалағаш және Сырдария аудандарында көшпелі куәландыру жүргізу барысында ДКК төрағаларының, медициналық мекемелер дәрігерлерінің қатысуымен жиналыс өткізіліп, медициналық ұйым дәрігерлеріне ҚР Премьер- Министрінің орынбасары- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.23ж. №260 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу Қағидалары» бойынша медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізу тәртібіне қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    Сонымен қатар, мүгедектіктің адамның тіршілік-тынысының шектелуіне әкеп соқтыратын организм функцияларының тұрақты бұзылуы болған жағдайда ғана тағайындалатындығы, № 031/е нысаны негізсіз рәсімделген жағдайларда Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің облыс бойынша департаментіне және медициналық мекемелерге тиісті шара қолдану үшін ақпараттық хаттар жолданатындығы түсіндірілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті" жаңалықтары