
Киберқауіпсіздік пен кибергигиена - цифрлық ортада өзіңізді қорғауға көмектесетін ережелер мен күнделікті әрекеттер.
Бұл материалда сенімді құпиясөздерді қалай жасау және сақтау, фишингті қалай тану, өз құрылғыларыңыз бен дербес деректеріңізді қалай қорғау, сондай-ақ аккаунт бұзылғанда немесе алаяқтарға тап болғанда не істеу керектігі туралы айтамыз.
Құпиясөздерді, растау кодтарын және банк деректерін бөгде адамдарға бермеңіз, сілтемелерді тексеріп, құрылғыларыңызды уақтылы жаңартыңыз. Сіздің цифрлық қауіпсіздігіңіз күнделікті әрекеттерден басталады.









