Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қарағанды облысы бойынша өкілі Бейсенбеков К. М., Қарағанды облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Киселёва И. Б. және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының Қарағанды облысы бойынша мүшесі Джумальдинов А. А. Қарағанды қаласының «№ 2 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды

    Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қарағанды облысы бойынша өкілі Бейсенбеков К. М., Қарағанды облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Киселёва И. Б. және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының Қарағанды облысы бойынша мүшесі Джумальдинов А. А. Қарағанды қаласының «№ 2 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды.
    Сапар барысында қатысушылар оқу процесінің ұйымдастырылуымен және тәрбиеленушілердің күнделікті тұрмыс-тіршілігімен танысты. Тұру, тамақтандыру, медициналық көмек көрсету және бос уақытты ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ үй-жайлардың санитариялық жағдайы, қауіпсіздік деңгейі, тұрмыстық қамтамасыз етілуі және мекеменің материалдық-техникалық жарақтандырылуы қаралды.
    Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қалай қамтамасыз етілетініне ерекше назар аударылды. Олардың қадір-қасиеті мен жеке басына қол сұғылмаушылығын қорғау, қауіпсіз орта қалыптастыру, сондай-ақ қатыгез немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынастың кез келген көрінісінің алдын алу басты назарда болды.
    «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшесі Джумальдинов А. А. тәрбиеленушілер үшін «Менің құқығым бар» диалог-клубын өткізіп, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері бойынша дәріс оқыды.
    Өткізілген іс-шаралар балалардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың негізгі құқықтар мен оларды қорғау тәсілдері туралы білімін кеңейтуге, сондай-ақ адам құқықтары мен қадір-қасиетіне құрметпен қарауды қалыптастыруға бағытталды.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қарағанды облысы бойынша өкілі" жаңалықтары