
Жамбыл облысы ТЖД қызметкері Әділет департаментінің мамандарына азаматтық қорғау саласындағы заң талаптары мен қауіпсіздік шараларын түсіндірді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының №188-V талаптары таныстырылды. Сонымен қатар төтенше жағдайлардың алдын алу, олар туындаған кездегі іс-қимыл тәртібі, азаматтық қорғау саласындағы негізгі талаптар мен қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.
Іс-шараның басты мақсаты – азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру және төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
Жамбыл облысы ТЖД








