
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қарағанды облысы бойынша өкілі Бейсенбеков К. М. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің № 36 мекемесіне барды. Сапар сотталғандардың құқықтарының сақталуына және оларды ұстау жағдайларына мониторинг жүргізу мақсатында жүзеге асырылды.
Сапар барысында тамақтандыруды ұйымдастыру және медициналық қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ сотталғандарды ұстаудың санитариялық және тұрмыстық жағдайлары зерделенді. Тұрғын үй-жайлар, медициналық блок, асүй, асхана, кір жуатын орын, монша кешені, қоймалар, кездесуге арналған бөлме және мекеменің басқа да үй-жайлары мен объектілері тексерілді. Сонымен қатар бейнебақылау жүйесі мен өтініш беруге арналған терминалдардың жұмысы тексерілді.
Мұндай сапарлар сотталғандардың құқықтарының бұзылуының алдын алуға және оларды ұстаудың тиісті жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған.









