
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі А. Қуантыров Алматы қаласы мен Алматы облысына жұмыс сапары барысында бірқатар табиғат қорғау және экологиялық мекемелерді аралады.
Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
«Алма-Арасан» бақылау-өткізу пунктінде министрге КПП-ны автоматтандыру жүйесінің жұмысы көрсетілді. «Аю-сай» визит-орталығында табиғи аумақтарды қорғау, экологиялық ағарту және экотуризмді дамыту мәселелері қаралды.
Бас ботаникалық бақ
Бас ботаникалық бақта А. Қуантыров оранжереяларды реконструкциялау барысын көрді. Сондай-ақ өсімдіктердің биоалуантүрлілігін сақтау, ғылыми зерттеулер жүргізу және ботаникалық коллекцияларды дамыту мәселелеріне назар аударылды.
Экология департаменті, «Қазавиаорманқорғау» және «Қазгидромет»
Алматы қаласы бойынша Экология департаментінде қоршаған ортаның жай-күйін бақылау мәселелері қаралды. «Қазгидромет» өкілдері экологиялық және гидрометеорологиялық мониторинг туралы, ал «Қазавиаорманқорғау» мамандары орман қорын авиациялық қорғау және табиғи өрттерді ерте анықтау жұмыстары туралы баяндады.
Алматы мемлекеттік табиғи қорығы
Қорықта биоалуантүрлілікті сақтау, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау, ғылыми зерттеулер жүргізу және тұрақты мониторинг мәселелері сөз болды. Сонымен қатар табиғи кешендерді қорғау бағытындағы жұмыстар көрсетілді.
Іле-Алатауы МҰТП Талғар филиалы
Талғар филиалында орман және жануарлар дүниесін қорғау, аумақты патрульдеу және мемлекеттік инспекторлардың жұмысы қаралды. Министрге табиғи аумақтардың жай-күйін бақылауды ұйымдастыру туралы да ақпарат берілді.
«ПО Охотзоопром» РМҚК
Кәсіпорында жануарлар дүниесін қорғау, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерді сақтау, заңсыз аңшылықтың алдын алу және инспекторлық бақылау мәселелері талқыланды. Мониторингті жетілдіру және заманауи технологияларды қолдану мүмкіндіктеріне де ерекше назар аударылды.
Жабайы жануарларды қайта жерсіндіру орталығы
Сапар барысында А. Қуантыров Жабайы жануарларды қайта жерсіндіру орталығында болды. Мұнда жабайы жануарларды күтіп-ұстау, қалпына келтіру және оларды табиғи мекендеу ортасына қайта жіберуге дайындау жұмыстары жүргізіледі.
Жұмыс сапары барысында табиғат қорғау мекемелеріне ортақ өзекті мәселелер де көтерілді. Олардың қатарында қаржыландыру, штат санын ұлғайту, материалдық-техникалық базаны жаңарту және мониторинг жүйесін жетілдіру бар.
Сондай-ақ табиғи аумақтарды бақылауда ұшқышсыз ұшу аппараттары мен жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктері қарастырылды. Мұндай шешімдер табиғи ландшафттағы өзгерістерді талдауға, фото және бейнематериалдарды өңдеуге, жануарларды автоматты түрде анықтап, олардың санын есептеуге мүмкіндік береді.









