
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қарағанды облысы бойынша өкілі Бейсенбеков К. М. әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның отырысына қатысты.
Отырыстың негізгі мәселелерінің бірі жастар мен ата-аналардың цифрлық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ отбасылардың цифрлық ортадағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды. Қатысушылар жасөспірімдер мен жастардың цифрлық құзыреттерін дамыту, интернеттегі жауапты мінез-құлық, ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау және дербес деректерді қорғау мәселелерін талқылады.
Отырыс барысында «Қарағанды отбасы: демографиялық портрет, әл-ауқат деңгейі және әлеуметтік тәуекелдер» зерттеуінің нәтижелері де ұсынылды. Өңірдегі демографиялық жағдай, жұмыспен қамту, отбасылық дағдарыстардың алдын алу және қалалық және ауылдық отбасылар үшін әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі мәселелері қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша отбасын нығайту, цифрлық қауіпсіздікті арттыру және халықты қолдау шараларын жетілдіру мәселелерінде мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың бірлескен жұмысының маңыздылығы атап өтілді.








