АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    ХАБАРЛАМА

    Қарағанды облыстық мәслихатының Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізілетінін хабарлайды.

    Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

    Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

    Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

    Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссияларының мүшелерін өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынуы бойынша сайлайды.

    Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссияларына қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 14 қазанға дейін мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

    1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтерді белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта;

    2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзіндіні;

    3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесін;

    4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштерін белгіленген нысан бойынша.

    Кандидаттардың сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы өтініштері қоса беріледі (төменде қараңыз).

    Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

    Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын құрған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

    Сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс, Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайлары бұған жатпайды.

    Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, толық және жартылай қандас аға-інілері мен апа-сіңлілері (әпке-қарындастары), ата-әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

    Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуға, мөрмен расталуға және орындалған күні, орындаушы туралы белгісі (тегі, аты-жөнінің бас әріптері мен телефон нөмірі көрсетілген) болуға тиіс.

    Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 30 қыркүйектен 14 қазанға дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады.

    Қобжанов Нұркен Сайфиддинұлы – Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы.

    Мәслихаттың орналасқан жері: Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13-үй, 322-кабинет.

    Жауапты тұлға – Шайкенов Курмет Саулебекович, облыстық мәслихат Аппаратының бас инспекторы, қызметтік телефоны: 8 (7212) 50-66-73, ішкі 6107.

    Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі мынадай округтік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізіледі (бос орындарға жаңа мүшелер сайланады) (барлығы 24 бос орын):

    р/с

    Округтік сайлау комиссиясының нөмірі

    Сайлау комиссиясының орналасқан мекенжайы

    Бос орындар саны

    1.

    № 1

    Қарағанды қаласы

    3

    2.

    № 2

    Қарағанды қаласы

    2

    3.

    №3

    Қарағанды қаласы

    2

    4.

    № 5

    Қарағанды қаласы

    2

    5.

    № 6

    Қарағанды қаласы

    1

    6.

    № 7

    Қарағанды қаласы

    2

    7.

    № 8

    Қарағанды қаласы

    3

    8.

    № 10

    Теміртау қаласы

    2

    9.

    № 11

    Теміртау қаласы

    4

    10.

    № 12

    Осакаров ауданы

    1

    11.

    № 13

    Шет ауданы

    2

    Барлығы:

    24

    1-қосымша

    Нысан

    Мәслихат __________________________

    Саяси партияның, өзге де қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшесінің ұсынысы

    _______________________________________________________________________________________________

    (саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшесінің жарғылық атауы және орналасқан жері)

    сайлау комиссияларының құрамына кандидатураларды ұсыну бойынша

    _______________________________________________________________________________________________

    (әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы)

    № р/с

    Округтік комиссияның нөмірі

    Тегі

    Аты

    Әкесінің аты

    ЖСН

    Туған күні (күні, айы, жылы)

    Жынысы

    Ұлты*

    Білімі (жоғары, орта арнаулы, орта)

    Мамандығы

    Жұмыс орны

    Лауазымы, қызметтік телефоны

    Үй мекенжайы, пәтер телефоны

    Партия мүшесі болып табыла ма (атауын көрсету)*

    Сайлау комиссияларындағы жұмыс тәжірибесі, жыл

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8

    9

    10

    11

    12

    13

    14

    15

    16

    Округтік сайлау комиссиясы

    Уәкілетті тұлғаның қолы ___________________ ______________________

    (жеке қолы) Аты-жөнінің бас әріптері және тегі

    Ескертпе:

    1. * Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өзінің ұлттық және партиялық тиесілілігін анықтауға және көрсетуге немесе көрсетпеуге құқылы.
    2. Мәліметтер тиісті мәслихатқа электрондық және қағаз форматта беріледі. Қағаз форматта мәліметтер жоғарыда аталған тиісті ұйымның мөрімен расталады.

    орынд.:

    тел.:

    2-қосымша

    Нысан

    Төрағаға

    ______________________________________________________

    (мәслихаттың толық атауы)

    кімнен____________________________________________________

    (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

    тұратын жері: ______________________________________

    (облыс, Астана қ., Алматы қ., Шымкент қ.,

    ____________________________________________________________

    аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)

    ______________________________________________________

    (байланыс телефонының нөмірі)

    Өтініш

    Мен,____________________________________________________________________________

    (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

    Қазақстан Республикасының азаматы (азаматшасы), ____________________________________________________________ ұсынған(саяси партияның, өзге де қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы)

    облыстық округтік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімімді беремін.

    Сайлау органдарында жұмыс тәжірибем бар _____ жыл:

    _____________________________________________________________________________________

    (комиссияның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету)

    Өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығым жоқ.

    Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын.

    Қазақстан Республикасының Парламенті депутаты, мәслихат депутаты, әкім, жергілікті өзін-өзі басқарудың өзге де органдарының мүшесі, Қазақстан Республикасы соттарының судьясы емеспін.

    Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығының, сот шешімімен әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылғанының болмауы мәніне уәкілетті органдарға сұрау салуды жолдау үшін өзімнің ЖСН-мді пайдалануға келісімімді беремін.

    «____»____________2026 жыл _________________________

    (өтініш берушінің қолы)

    Өмірбаяндық деректер:

    Туған күні «____» _______________ 19 _____ жыл

    Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)_________________________________________

    Ұлты * _______________________________

    Партияға мүшелігі * _____________________________________________________________________

    Білімі ________________________________________________________________________________

    Мамандығы ______________________________________________________________________________

    Жұмыс орны немесе кәсібі ____________________________________________________________

    Атқаратын лауазымы __________________________________________________________________

    Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері ________________________________________________

    (құжаттың нөмірі, қашан және кім берген)

    Қоса беремін:

    - мемлекеттік ұйымдарда, мекемелерде, үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс өтілін және (немесе) Қазақстан Республикасының сайлау органдарындағы жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды;

    - комиссияның құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын, 18 жастан асқан жақын туыстары туралы мәліметтерді **.

    Ескертпе:

    * Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабының 1-тармағына сәйкес ұлттық және партиялық тиесілілік кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі.

    ** Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, толық және жартылай қандас аға-інілері мен апа-сіңлілері (әпке-қарындастары), ата-әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

    Өтінішке қосымша

    Жақын туыстары туралы мәліметтер __________________________________________________________________

    (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

    № р/с

    Жақын туыстарының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

    Ескертпе

    1.

    әке

    2.

    ана

    3.

    ұл

    4.

    қыз

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облыстық мәслихаты" жаңалықтары