
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің өкімімен Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы болып Жанар Бектаева тағайындалды. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев басқарма ұжымына жаңа басшыны таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Жанар Әлібекқызы 1982 жылы Жамбыл облысы, Қаратау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2006 жылы Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген. Саясаттану мамандығы бойынша магистр. 2017 жылы Алматы экономика және статистика академиясын экономика мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2004-2006 жылдары Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институтында «Саясаттану» кафедрасының оқытушысы болып бастаған. 2006-2016 жылдары сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінде бас маман, бөлім басшысы қызметін атқарған.
2014-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2015-2016 жылдары ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының орынбасары, 2016 жылы ОҚО әкімі аппараты жалпы бөлімінің бас инспекторы, 2016-2019 ОҚО Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2019 жылы Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқарма басшысының орынбасары, 2019-2021 жылдары Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2021-2022 жылдары «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды. 2022-2024 «Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы, 2024 жылдан бастап осы күнге дейін Астана қаласындағы «Amanat» партиясының ұйымдастыру және аумақтық жұмыс департаментінің директоры қызметін атқарып келді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
НАЗНАЧЕН НОВЫЙ РУКОВОДИТЕЛЬ УПРАВЛЕНИЯ ОБЩЕСТВЕННОГО РАЗВИТИЯ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ
Распоряжением акима Туркестанской области Нуралхана Кушерова руководителем управления общественного развития Туркестанской области назначена Жанар Бектаева. Заместитель акима области Ертай Алтаев представил нового руководителя коллективу управления и пожелал ей успехов в работе.
Жанар Алибековна родилась в 1982 году в городе Каратау Жамбылской области. Имеет высшее образование. В 2006 году окончила Международный казахско-турецкий университет имени Х. А. Ясави по специальности «Политология». Имеет степень магистра политологии. В 2017 году окончила Алматинскую академию экономики и статистики по специальности «Экономика».
Трудовую деятельность начала в 2004–2006 годах в должности преподавателя кафедры «Политология» Шымкентского института Международного казахско-турецкого университета имени Х. А. Ясави. В 2006–2016 годах работала главным специалистом и начальником отдела в департаменте внутренней политики Южно-Казахстанской области.
В 2014–2015 годах занимала должность заместителя руководителя управления внутренней политики Южно-Казахстанской области. В 2015–2016 годах работала заместителем руководителя управления внутренней политики и по делам религий Южно-Казахстанской области, в 2016 году — главным инспектором общего отдела аппарата акима Южно-Казахстанской области, а в 2016–2019 годах — заместителем акима Тюлькубасского района Южно-Казахстанской области.
В 2019 году занимала должность заместителя руководителя управления внутренней политики и по делам религий города Шымкента, а в 2019–2021 годах возглавляла управление внутренней политики и по делам молодежи города Шымкента.
В 2021–2022 годах была первым заместителем председателя Шымкентского городского филиала партии «Nur Otan». В 2022–2024 годах работала исполнительным секретарем Шымкентского городского филиала партии «Amanat». С 2024 года по настоящее время занимала должность директора департамента организационной и территориальной работы партии «Amanat» в городе Астане.
Пресс-служба акима Туркестанской области








