
Тобыл қаласы спорттық күрестің болашақ жұлдыздарының басын қосқан орталыққа айналды. Мұнда белгілі спорт ардагері Өтебек Мырзахметұлы Бекбосыновтың жүлдесіне арналған 2010–2012 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасындағы дәстүрлі республикалық турнир басталды.
Жарысқа бірден бес мемлекеттің — Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстанның намысын қорғайтын 300-ден астам дарынды спортшы қатысуда. Жас балуандар боз кілемде ымырасыз күрес, жеңіске деген жігер мен жоғары дайындық деңгейін көрсетіп жатыр.
Тартысты белдесулер 8 қазанды қоса алғанға дейін жалғасады. Алда көрермендер мен жарыс қатысушыларын финалдық белдесулер мен жаңа чемпиондардың есімдері күтіп тұр!









