Қостанай облысының спортшылары қазақ күресінен ел чемпионатын сәтті бастады

    1 / 3

    24-27 қараша аралығында Ақтөбе қаласындағы «Жекпе-жек» сарайында ересектер арасында қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.

    Ел біріншілігіне еліміздің барлық өңірінен 550-ге жуық балуан қатысуда. Ерлер арасында сегіз, әйелдер арасында жеті салмақ дәрежесінде чемпиондар мен жүлдегерлер анықталуда.

    Жарыстың алғашқы күнінде Қостанай облысының құрамасы қоржынына екі жүлде салды. 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Нұрсұлтан Қаблан ел чемпионы атанды. Ал 90 келіге дейінгі салмақта Тимур Әбутай қола медаль иеленді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" жаңалықтары