Елордада ерлер мен әйелдер арасында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Жылдың қорытынды жарыстарына республика бойынша 16 өңірден 150-ге жуық үздік спортшы қатысуда.
Жарыстың алғашқы күндерінің қорытындысы бойынша Қостанай облысының өкілдері төмендегідей нәтижелер көрсетті:
Әйелдер арасындағы жарыста Ирина Чумак (49 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) қоссайыс қорытындысы бойынша 130 келі нәтижемен күміс медаль иеленді. Жекелеген жаттығулар бойынша жұлқа көтеруде (55 келі) үшінші, ал серпе көтеруде (75 келі) екінші орынға ие болды.
Виктория Мурашкина(53 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) де 149 келі нәтижемен екінші орынға тұрақтады. Спортшы екі жаттығу бойынша да күміс медаль жеңіп алды: жұлқа көтеруде – 69 келі, серпе көтеруде – 80 келі.
Ерлер арасында да спортшыларымыз жоғары нәтиже көрсетті:
Никита Журавлев(65 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) 254 келі нәтижемен чемпионаттың күміс жүлдегері атанды. Ол жұлқа көтеруде үздік нәтиже көрсетіп (119 келі), серпе көтеруде (135 келі) төртінші орынға ие болды.
Стас Журавлев(60 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) жұлқа көтеру жаттығуында күміс медаль иеленді. Алайда қоссайыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға бір қадам жетпей, төртінші орынға тұрақтады.
Астанада өтіп жатқан жарыс 22 қарашада аяқталады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









