Қостанайлық спортшы Надежда Рябец Қазақстан чемпионы атанса, Анастасия Баязитова қола жүлдеге ие болды.
Ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты 30 қазан мен 6 қараша аралығында өтті. Жарыста барлығы 20 медаль жиынтығы сарапқа салынды.
Алтын медаль (80 келіге дейін): Надежда Рябец жартылай финалда Азия чемпионы Гүлсая Ержанды 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Айдана Убайдуллақызымен өтуі тиіс финалдық кездесу қарсыласының жарақатына байланысты өтпеді. Нәтижесінде жеңіс қостанайлық спортшыға берілді.
Қола медаль (70 келіге дейін): Анастасия Баязитова жартылай финалға дейін жетіп, онда 2026 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Бақыт Сейдиштен жеңіліп қалды.
26 жастағы Надежда Рябец үшін бұл – табысты жетістіктерінің жалғасы. Оның қоржынында 2018 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасы мен 2023 жылғы әлем чемпионатының қола медальдары бар. Сондай-ақ ол Токио Олимпиадасына қатысып, биыл сәуір айында ересектер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








