Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы

    Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы

    «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Қостанай облысында дене шынықтыру мен спортты дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

    Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;

    Ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;

    Дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру.

    Спорттық инфрақұрылымды, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестікті қолдана отырып, дамыту.

    Жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;

    Спорт түрлері бойынша облыстық жарыстарды өткізеді, сондай-ақ спорт түрлері бойынша республикалық және халықаралық жарыстарды өткізуге, сондай-ақ жергілікті аккредиттелген республикалық және (немесе) жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спортшы-мүгедектер арасында, оның ішінде ұлттық,техникалық және қолданбалы, бұқаралық спорт бойынша жарыстарға қатысады;

    Спорт түрлерi бойынша облыстық құрама командаларын даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;

    Облыс аумағында бұқаралық спортты және мүгедектер арасындаы және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;

    Облыс аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

    Спортшыларға: Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;

    Мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;

    Аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз етеді;

    Облыс аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

    Облыс аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;

    Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;

    Спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады;

    Спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттардың үлгілік оқу жоспарларын келіседі;

    Аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;

    Ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

    Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;

    Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебелері беріледі;

    Халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келіседі;

    Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының құрамына кіретін(спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалары), спортшыларға,олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамына кіретін (ұлттық құрама командалары) спортшыларға ай сайын ақшалай үлес төлеуін әзірлейді және бекітеді;

    Дене шынықтыру мен спорт саласындағы басым спорт түрлерінің өңірлік тізбесін әзірлейді және уәкілетті органның келісуі бойынша бекітеді;

    Өз құзыреті шегінде «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Есеп

    2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша өтініштер туралы ай сайынғы есеп

    2026 жылғы 1 қазан Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына234өтініш тіркелді(130заңды және 99жеке тұлға,54жеке қабылдауда). Келесі шешімдер қабылданды: өтініштіңішінен 96-ы толық қанағаттандырылды, 79-жазбаша түсініктеме берілді, 4 – бас тартылды,39–ведомстволық бағыныстылығы бойынша жолданды, тоқтатылды – 11есепті кезеңнің соңына қалған– 5. Барлық сұрақтар бойынша 8 (7142) 54-05-73 телефон арқылы хабарласуға болады.

    Жарияланды:
    Кесте

    2026 жылдың төртінші тоқсанға арналған «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшыларының азаматтарды қабылдау кестесі

    2026 жылдың төртінші тоқсанға арналған «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшыларының азаматтарды қабылдаукестесі Азаматтармен қабылдауды жүргізетін тұлғаның аты-жөні Азаматтармен қабылдауды жүргізетін тұлғаның лауазымы Азаматтарды қабылдау күні мен уақыты Мемлекеттік органның мекен-жайы Байланыстелефоны Журкабаев Жанибек Кенжебекович Басқарма басшының м.а. Күн сайын 16.00-нан 17.00-ға сағат Қостанай қ., Дулатов көшесі, 68 111каб. 54-05-73 Коспанов Бахтияр Сабитович Басқарма басшының орынбасары Күн сайын 15.00-нан16.00-ға сағат Қостанайқ., Дулатов көшесі, 68, 101каб. 54-05-73 Жеке қабылдауға алдын ала жазылу № 102 кабинетте жүргізіледі, т. 54-05-73. «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ҚР заңнамасының нормаларын басқару қызметкерлерімен бұзушылық фактілері туралы сенім телефоны: 74-90-05 хабарлауға болатынын ескереді.

    Жарияланды:
    Бұйрық

    2026 жылғы 5 маусымдағы №710 бұйрық. Спорт түрлері бойынша аға жаттықтырушыларды екінші жартыжылдыққа бекіту туралы

    Жарияланды:
    Есеп

    2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ай сайынғы өтініштер негізінде

    2026 жылғы 1 қыркүйек Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына 198 өтініш тіркелді (109 заңды және 85 жеке тұлға, 4 жеке қабылдауда). Келесі шешімдер қабылданды: өтініштің ішінен 78-ы толық қанағаттандырылды, 75 - жазбаша түсініктеме берілді, 4 – бас тартылды, 27–ведомстволық бағыныстылығы бойынша жолданды, тоқтатылды – 8 есепті кезеңнің соңына қалған – 6. Барлық сұрақтар бойынша 8 (7142) 54-05-73 телефон арқылы хабарласуға болады.

    Жарияланды:
    Бұйрық

    Қостанай облысының 2026–2027 жылдарға арналған қысқы спорт түрлері бойынша құрама командаларының тізімдері

    Жарияланды:
    Хаттама

    Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Науырзым аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс комиссиясы отырысының № 3 ХАТТАМАСЫ

    Протокол №3

    Жарияланды: