Маңғыстау облысы Әділет департаментінің бастамасымен «ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының қызметкерлеріне арналған «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы және азаматтардың құқықтары» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, конституциялық құндылықтарды кеңінен түсіндіру, сондай-ақ заңнамадағы өзгерістер мен толықтырулар туралы өзекті ақпарат беру.
Семинар барысында Маңғыстау облысы Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Н. Көңілқос және Маңғыстау облысының Заң консультанттары палатасының өкілі Т. Есекенова сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі бағыттарына, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістерге жан-жақты тоқталды.
Сонымен қатар қатысушыларға заңнама нормаларын күнделікті еңбек қызметінде және өмірлік жағдайларда дұрыс қолдану мәселелері түсіндіріліп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.
#заңжәнетәртіп #законипорядок
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









