«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 2026 жылғы 4 қарашада Маңғыстау облысы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің бас маманы Қ.Қ. Баспаулиева Мұнайлы ауданында жергілікті кәсіпкерлермен зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында кәсіпкерлерге географиялық нұсқаманы тіркеудің маңыздылығы, оны тіркеу тәртібі, сондай-ақ географиялық нұсқамаға құқықтық қорғау алу үшін қажетті құжаттарды әзірлеу және ұсыну тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар, географиялық нұсқамаға өтінім беру, қажетті құжаттар топтамасын қалыптастыру, өнімнің Маңғыстау өңірімен байланысын және оның ерекше қасиеттерін растайтын мәліметтерді дайындау бойынша практикалық кеңестер берілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Маңғыстау өңірінде өндірілетін дәстүрлі және ұлттық өнімдердің бірегейлігін құқықтық тұрғыдан қорғау, олардың танымалдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлерге географиялық нұсқаманы тіркеу мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету.
#заңжәнетәртіп #законипорядок
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









