Маңғыстау облысының Әділет департаменті

    Департамент туралы

    Департамент өзiнiң құзыретiне жатқызылған қызмет саласында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ашу

    Маңғыстау облысы Әділет департаментінің бастамасымен «ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының қызметкерлеріне арналған «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы және азаматтардың құқықтары» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

    Ашу

    «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 2026 жылғы 5 қарашада Маңғыстау облысы Әділет департаментінің бастамасымен және Департамент басшысы А.Н. Каримовтың төрағалығымен облыстың жекеше нотариустарына арналған семинар өткізілді.

    Ашу

    «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Маңғыстау облысының Әділет департаменті ғимаратында Департамент басшысы А.Н. Каримовтың төрағалығымен мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету және оны бюджет қаражаты есебінен төлеу тәртібіне қатысты өзекті мәселелер бойынша семинар өткізілді.

    Ашу

    «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 2026 жылғы 4 қарашада Маңғыстау облысы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің бас маманы Қ.Қ. Баспаулиева Мұнайлы ауданында жергілікті кәсіпкерлермен зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түсіндіру кездесуін өткізді.

    Ашу

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы №1147 қаулысымен бекітілген ақпараттық жұмыс жөніндегі іс-шаралар жоспарының 1 және 2-тармақтарын іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық баннерлердің бірыңғай топтамасы ұсынылады

    Ашу

    2026 жылғы 03 қарашада Маңғыстау облысы Әділет департаментінің Жаңаөзен ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында «Ашық есік күні» акциясын өткізді.

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Менің пәтерімде банктерге қарызы бар адам тұрған, бірақ оның ешқандай мүлкі болмаған. Жалға алушының қарызына байланысты сот орындаушы менің пәтеріме тыйым салу туралы қаулы шығарды. Сұрақ: сот орындаушы мұндай шешімді қандай негізде шығарады?

    Жауап

    Қысқаша жауап Борышкерге тиесілі емес мүлікке сот орындаушысының тыйым салуы заңсыз болып табылады. Толық жауап Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңының 62-бабының 3 тармағына сәйкес борышкерге меншiк, шаруашылық жүргiзу және оралымды басқару құқығында тиесiлi мүлiкке, оның қайда және iс жүзiнде кiмнiң пайдалануында екендiгiне қарамастан (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгiленген шектеулер ескерiле отырып), тыйым салынуы мүмкiн.

    Сұрақ

    Сот орындаушысының әрекетсіздігіне өндіріп алушы не істей алады?

    Жауап

    Қысқаша жауап Аумақтық Әділет органынна немесе жеке сот орындаушылар палатасына шағым беру. Сондай-ақ сотқа жүгінуге болады. Толық жауап Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңының 127-бабының талабына сай өндiрiп алушы немесе борышкер сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындау жөнiндегi шешiмiне және әрекетiне (әрекетсiздiгiне) немесе осындай әрекеттер жасаудан бас тартуына сотқа шағым жасауына болатындығын ескертеміз. Шағым Қазақстан Республикасының әкімшілік iс жүргiзу заңнамасында көзделген тәртiппен және мерзiмде сотқа берiледi.

    Сұрақ

    Заң көмегін тегін алуға бола ма? Оны қалай алуға болады?

    Жауап

    Қысқаша жауап Иә, заңда оған құқығы бар адамдар үшін мемлекет кепілдік берген заң көмегі және кешенді әлеуметтік заң көмегі көзделген. Оны алу үшін аумақтық әділет органдарына, адвокаттар алқасына немесе заң консультанттары палатасына жүгіну қажет. Толық жауап Мемлекет кепілдік берген заң көмегі Мемлекет кепілдік берген заң көмегі – оны алуға құқығы бар жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетілетін заң көмегі. Мұндай көмекті көрсетуге жұмсалған шығындар мемлекеттік бюджеттен өтеледі. Білікті заң көмегі – қазіргі заманғы азаматтық қоғамның маңызды құрамдас бөлігі, оған дәлел – кәсіби заңгерлердің қызметі. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету – Әділет департаментімен тиісті келісім жасаған адвокаттың міндеті. Ұйымдастыру тәртібі Заңда көзделген жағдайларда мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуді ұйымдастыруды адвокаттар алқасы қамтамасыз етеді. Осы мақсатта адвокаттар алқасы жыл сайын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысатын адвокаттардың тізімін жасайды және оны аумақтық әділет органдарына жолдайды. Кейін бұл тізім Ашық деректер порталында жарияланады. Істерді тағайындау бойынша бөлу адвокаттар алқасымен жүзеге асырылады және есепке алу журналында тіркеледі. Адвокат жеке шарт жасалған жағдайды қоспағанда, іске өз бетінше қатысуға құқылы емес. Мемлекет кепілдік берген заң көмегіне мұқтаж тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында, тұрғылықты жеріне немесе тұрған жеріне қарамастан, оны алуға құқылы. Адвокаттың құқықтары мен міндеттері Адвокат «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР Заңның 33-бабының 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыстық іс бойынша қабылданған тапсырмадан бас тарта алмайды. Егер қорғалушының немесе адвокаттың өзі әділетсіз деп есептейтін үкім шығарылса, адвокат оны белгіленген тәртіппен міндетті түрде шағымдануға тиіс. Адвокат мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсеткені үшін азаматтан ақы талап етуге құқылы емес.

    Сұрақ

    Атқарушылық жазбаны мәжбүрлеп орындатуға ұсыну мерзімі және оны даулау мүмкіндігі қандай?

    Жауап

    Қысқаша жауап Атқарушылық жазбаны мәжбүрлеп орындатуға үш жыл ішінде ұсынуға болады. Борышкер оның көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өз қарсылығын нотариуске жолдай алады. Толық жауап «Нотариат туралы» ҚР Заңының 92-7-бабына сәйкес атқарушылық жазбаның көшірмесін. борышкерге табыс ету туралы хабарлама келіп түскен кезде және егер белгіленген мерзімде борышкерден нотариусқа қарсылық келіп түспеген жағдайда, нотариус өндіріп алушыға атқарушылық жазбаны береді не оның өтініші бойынша оны тиісті әділет органына не аумақтылығы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына немесе өндіріп алушы таңдаған жеке сот орындаушысына орындау үшін жібереді. Сонымен қатар, «Нотариат туралы» ҚР Заңының 92-6 сәйкес борышкер атқарушылық жазбаның көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде атқарушылық жазбаны жасаған нотариусқа хабарламасы бар мәлімделген талапқа қарсы қарсылығын жазбаша түрде жіберуге құқылы. Борышкердің қарсылығында мәлімделген талаппен келіспеу себептері қамтылуға тиіс.

    Сұрақ

    Қандай жағдайларда борышкерге қатысты жасалған атқарушылық жазба туралы ол тиісті түрде хабарланған болып есептеледі?

    Жауап

    Қысқаша жауап Борышкер тиісті түрде хабарланған болып есептеледі, егер: атқарушылық жазбаның көшірмесі тараптар арасында жасалған шартта көрсетілген электрондық пошта мекенжайына жіберілсе; соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша хабарламасы бар тапсырыс хатымен жолданса (оның ішінде отбасының кәмелетке толған мүшелерінің біріне немесе көрсетілген мекенжайда бірге тұратын өзге адамға табыс етілген болса); жеткізуді тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдары арқылы жіберілсе. Егер хабарлама адресатқа, алушыға табысталмауына байланысты немесе қабылдаудан бас тартылғандығы жөніндегі белгімен қайтарылса, атқарушылық жазбаның көшірмесі тиісті түрде жіберілген болып саналады. Толық жауап «Нотариат туралы» ҚР Заңының 92-6-бабына сәйкес атқарушылық жазба жасағаннан кейін нотариус келесі жұмыс күнінен кешіктірмей борышкерге оның көшірмесін табыс етеді немесе жеткізілгенін тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып, борышкердің электрондық пошта мекенжайы бойынша немесе белгілі тұрғылықты (тұрған) немесе тіркелген жері бойынша жібереді. Егер атқарушылық жазбаның көшірмесі борышкерге тараптар арасында жасалған шартта көрсетілген электрондық пошта мекенжайына; соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберілген болса, оның ішінде кәмелетке толған отбасы мүшелерінің бірі, көрсетілген мекенжай бойынша адаммен тұрып жатқан басқа адам алған болса; жеткізілгенін тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберілген болса, ол алынды деп есептеледі. Хабарлама адресатқа, алушыға оны табыс ету мүмкін болмағаны туралы белгісімен немесе оны қабылдаудан бас тартуға байланысты қайтарылған жағдайда, атқарушылық жазбаның көшірмесі тиісті түрде жіберілді деп есептеледі. Борышкер атқарушылық жазбаның көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде атқарушылық жазбаны жасаған нотариусқа хабарламасы бар мәлімделген талапқа қарсы қарсылығын жазбаша түрде жіберуге құқылы. Осылайша, борышкер атқарушылық жазбаның көшірмесін нақты алған жағдайда да, оны қабылдаудан жалтарған жағдайда да тиісті түрде хабарланған болып есептеледі.

    Сұрақ

    Жылжымайтын мүлікке қандай құқықтар мемлекеттік тіркеуге жатады?

    Жауап

    Жылжымайтын мүлікке келесідей құқықтар құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады: - меншік құқығы; - шаруашылық жүргізу құқығы; оралымды басқару құқығы; кемінде бір жыл мерзімге жер пайдалану құқығы; үстемдікке ие жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлік объектісінің пайдасына кемінде бір жыл мерзімге сервитуттар. Сондай-ақ, өзге құқықтар құқық иеленушілердің қалауы бойынша тіркелуі мүмкін.

    Қағида

    "Адвокат, заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің № 1462

    Жарияланды:
    Басқа

    «Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

    Жарияланды:
    Басқа

    "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

    Жарияланды:
    Бұйрық

    "Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62

    Жарияланды:
    Бұйрық

    Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығы

    Жарияланды:
    Анықтама

    Маңғыстау облысы Әділет департаментінің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша жұмыс тобымен жасалған ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    Жарияланды: