Жылжымайтын мүлікке қандай құқықтар мемлекеттік тіркеуге жатады?
Жылжымайтын мүлікке келесідей құқықтар құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады:
- меншік құқығы;
- шаруашылық жүргізу құқығы;
- оралымды басқару құқығы;
- кемінде бір жыл мерзімге жер пайдалану құқығы;
- үстемдікке ие жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлік объектісінің пайдасына кемінде бір жыл мерзімге сервитуттар.
Сондай-ақ, өзге құқықтар құқық иеленушілердің қалауы бойынша тіркелуі мүмкін.