Атқарушылық жазбаны мәжбүрлеп орындатуға ұсыну мерзімі және оны даулау мүмкіндігі қандай?
Қысқаша жауап
Атқарушылық жазбаны мәжбүрлеп орындатуға үш жыл ішінде ұсынуға болады. Борышкер оның көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өз қарсылығын нотариуске жолдай алады.
Толық жауап
«Нотариат туралы» ҚР Заңының
92-7-бабына сәйкес атқарушылық жазбаның көшірмесін. борышкерге табыс ету туралы хабарлама келіп түскен кезде және егер белгіленген мерзімде борышкерден нотариусқа қарсылық келіп түспеген жағдайда, нотариус өндіріп алушыға атқарушылық жазбаны береді не оның өтініші бойынша оны тиісті әділет органына не аумақтылығы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына немесе өндіріп алушы таңдаған жеке сот орындаушысына орындау үшін жібереді.
Сонымен қатар, «Нотариат туралы» ҚР Заңының 92-6 сәйкес борышкер атқарушылық жазбаның көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде атқарушылық жазбаны жасаған нотариусқа хабарламасы бар мәлімделген талапқа қарсы қарсылығын жазбаша түрде жіберуге құқылы.
Борышкердің қарсылығында мәлімделген талаппен келіспеу себептері қамтылуға тиіс.