«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 2026 жылғы 5 қарашада Маңғыстау облысы Әділет департаментінің бастамасымен және Департамент басшысы А.Н. Каримовтың төрағалығымен облыстың жекеше нотариустарына арналған семинар өткізілді.
Семинар барысында 2026 жылғы 8 шілдедегі нотариаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістерді іске асыру, жекеше нотариустардың қызметіне тексеру жүргізу тәртібі, тәртіптік жауапкершілік, нотариус лицензиясының қолданысына қатысты өзгерістер, атқарушылық жазбаларды жасау және электрондық архивті жүргізу мәселелері талқыланды.
Іс-шараға Маңғыстау облысы аумақтық нотариаттық палатасының төрағасы С.Д. Шегемов, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Қ.Қ.Савтаев және облыстың жекеше нотариустары қатысты. Аудан нотариустары семинарға Zoom платформасы арқылы онлайн форматта қосылды.
Кездесу барысында қатысушылар пікір алмасып, нотариаттық қызметтегі өзекті мәселелерді талқылады. Семинар заңнамадағы өзгерістерді дұрыс қолдануға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және нотариаттық қызмет сапасын жетілдіруге бағытталды.
#заңжәнетәртіп #законипорядок
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









