«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Маңғыстау облысының Әділет департаменті ғимаратында Департамент басшысы А.Н. Каримовтың төрағалығымен мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету және оны бюджет қаражаты есебінен төлеу тәртібіне қатысты өзекті мәселелер бойынша семинар өткізілді.
Іс-шараға Маңғыстау облысының адвокаттары мен заң консультанттары қатысты.
Семинар барысында мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету тетіктері, оны ұйымдастыру мен есепке алу тәртібі, сондай-ақ көрсетілген қызметтерге ақы төлеу кезінде туындайтын мәселелер талқыланды. Қатысушылар саладағы өзекті сұрақтар бойынша пікір алмасып, заң көмегінің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.
Сонымен қатар, кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету ісіне елеулі үлес қосып жүрген бірқатар адвокаттар мен заң консультанттары Департамент басшысының грамоталарымен марапатталды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту, заң көмегінің сапасы мен тиімділігін арттыру, сондай-ақ қолданыстағы заңнама талаптарын біркелкі қолдану бағытындағы жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
#заңжәнетәртіп #законипорядок
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









