Сүйінбай даңғылында жаңа қоғамдық кеңістік абаттандырылды

    1 / 3

    «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Сүйінбай даңғылының батыс жағындағы, Шолохов көшесінен басталатын бұрын игерілмеген аумақта абаттандыру жұмыстары аяқталды.

    Жұмыс барысында 1 380 шаршы метр аумаққа жаяу жүргіншілерге арналған брусчатка төселіп, автоматты суару жүйесі орнатылды. Сонымен қатар 7 200 шаршы метрге жуық аумақ көгалдандырылып, 73 сыртқы жарықтандыру бағанасы, саябақ орындықтары мен қоқыс жәшіктері қойылды.

    Нәтижесінде тұрғындар үшін жаяу жүргіншілерге қолайлы,жасыл желектері мен сапалы жарықтандыру жүйесі бар заманауи әрі жайлы қоғамдық кеңістік қалыптастырылды. Жаңа аумақ аудан тұрғындарының демалысы мен серуендеуіне арналған тартымды орынға айналды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары