Түрксіб ауданында екі жаңа демалыс аймағы ашылды

    1 / 18

    «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Жас Қанат және Жұлдыз-1 шағынаудандарындағы бұрын бос жатқан аумақтардың орнына заманауи скверлер салынды.

    Аумақтарда көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, жаяу жүргіншілер жолдары төселді, асфальт және резеңке жабындар орнатылды. Сонымен қатар жарықтандыру жүйесі, орындықтар, қоқыс жәшіктері және шағын сәулет нысандары орналастырылды.

    Жас Қанат шағынауданында скейт-алаңқайы, ал екі аумақта да перголалар мен автоматты суару жүйелері қарастырылған.

    Бұрын бос жатқан жерлер бүгінде тұрғындардың серуендеп, демалуына және отбасымен уақыт өткізуіне арналған жайлы қоғамдық кеңістікке айналды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары