Ауданда нашақорлықтың алдын алу бағытында рейд өткізілді

    1 / 7

    Іс-шараға полиция қызметкерлері, аудан әкімдігі аппаратының Қоғамдық даму бөлімінің мамандары және «Turksib Community» қоғамдық бірлестігінің еріктілері қатысты.

    Рейд барысында қатысушылар ғимараттардың қасбеттеріне, қоршауларға және өзге де нысандарға жазылған есірткі жарнамаларының жазуларын анықтап, өшірді. Сондай-ақ жазуларда көрсетілген интернет-ресурстар туралы ақпарат бұғаттау шараларын қабылдау үшін полиция органдарына жолданды.

    Бұдан бөлек, аудан тұрғындары арасында есірткінің зияны мен оны таратқаны үшін көзделген жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Нашақорлықтың алдын алу және қаладағы қауіпсіз ортаны қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары