Ауданда скверді абаттандыру жұмыстары ауқымды түрде жүргізілді

    1 / 12

    Ауданда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында қоғамдық аумақты кешенді абаттандыру жобасы жүзеге асырылды.

    Жоба аясында бұрын бос жатқан 20 мың шаршы метрден астам аумақ көгалдандырылып, 6 мың шаршы метрге жуық жерге жаяу жүргіншілер жолына арналған төсемтас төселді. Сонымен қатар асфальттау және резеңке жабын төсеу жұмыстары жүргізілді.

    Бұдан бөлек, 53 жарықтандыру бағанасы мен сәндік жарық конструкциялары, орындықтар мен қоқыс жәшіктері, заманауи шағын сәулет нысандары орнатылды. Сондай-ақ скейт-алаңқай, пергола және автоматты суару жүйесі қарастырылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары