САРАПХАНА АУЫЛЫ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ

    1 / 4
    Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауылы округі тұрғындарының дауыс беру қорытындысы бойынша ауылдық округтің жаңа әкімі болып Жүзжасаров Абзал Тұрдалыұлы сайланды.
    Қазығұрт ауданы әкімінің аппарат басшысы Қанат Иматов жаңа сайланған әкімді ұжымға таныстырып, алдағы міндеттерді атап өтті. Халықпен тығыз байланыста жұмыс жасап, округтің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жоғарылатуға, инвестиция тартуға, ауыл округті дамытуға бағытталған кешенді шараларды жүйелі түрде жүзеге асыруды тапсырды. Сонымен қатар, елді мекендердің тазалығына, ауылды абаттандыру мен көркейту жұмыстарына баса назар аудару қажеттігін айтты. Жаңа әкімге сенім артып, жұмысына сәттілік тіледі.
    Сайлау қорытындысымен Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары Үйсімбаев Асан Тілеубердіұлы таныстырып, Абзал Тұрдалыұлына қызметтік куәлігін табыстады. Жиынға қатысқан ауыл қариялары мен тұрғындар ізгі тілектерін арнап, сәттілік тіледі.
    Абзал Тұрдалыұлы – 1982 жылы Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауылы округі, Жіңішке ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Мамандығы: Құқықтану.
    2015 жылдан бүгінгі таңға дейін «Абзал-5» ЖШС директоры және «Тұрдалы ата» шаруа қожалығының төрағасы қызметтерін атқарып келген.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары